Сейсенбі, 19 наурыз, 07:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22(2032)
16.03.2024
PDF мұрағаты

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

02.09.2021

1627 0

2017 жылдың 31 қазан айынан бастап Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аталып өтілуде. 2018 жылдан бастап Тілдер мерекесі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, 5 қыркүйекте мерекеленіп келеді. Бұл мереке– Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Осыған орай Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.

Тілдер күніне арналған түрлі шаралар, тіл жанашырларын марапаттаулар карантин талаптарын сақтай отырып, ұйымдастырылады. Облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін барлық мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде тілдер күніне орай ашық сабақтар, сайыстар ұйымдастырылып, кітапханаларда «Туған тілім – тірлігімнің айғағы», «Тіл – асыл қазына» тақырыптарында онлайн кітап көрмелері өткізіледі.

«Мерекеге орай Қызылорда қаласы мен аудандарда оқиғалар тізбесі қалыптастырылды. Атап айтсақ, Қызылорда қаласында «Тілім – тірегім», Қызылорда – жүрегім» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы мен көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы, Арал ауданында «Тіл – татулық пен достықтың тірегі» атты аудандық онлайн мүшәйрасы және «Ана тілім – мәңгілік бой тұмарым» байқауы, Қазалы ауданында«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы» ғылыми-танымдық конференциясы мен «Туған тілім – мөлдіреген тұнығым» тақырыбында онлайн жыр кеші, Қармақшы ауданында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты жазба ақындар мүшәйрасы, Жалағаш ауданында «Алаш зиялылары және қазақ тілі» тақырыбында дөңгелек үстел, «Латын әліпбиі – ұлт болашағының негізі» онлайн конференциясы, Сырдария ауданында «Тіл – татулық тірегі» аудандық фестиваль, Шиелі ауданында «Тілім менің ғасырларға аманат» үздік мақалалар байқауы, Жаңақорған ауданында «Менің тілім – мәңгілік тіл» жазба ақындар мүшәйрасы және тағы басқа шаралар өткізіледі», – деді Мира Жомартқызы.

Жалпы, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы шаралар тек қана тілдер мерекесі қарсаңында ғана емес, жыл бойы жүргізілетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: