Жұма, 29 наурыз, 20:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың бесінші перзенті дүниеге келді

14.05.2021

1839 0

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің бесінші перзенті дүние есігін ашты. Әртістің әйелі оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қуанышты жаңалықпен актердің өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерей бөлісті. Әзілкеш өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде арнайы видео жариялап, досының қызды болғанын хабарлады.
«Құрметті достар, сүйінші! Театрымыздың белді актері Қанатжанның әйелі кеше ғана босанып, бесінші перзент қыз бала дүниеге келіп жатыр. Қанатжан құтты болсын. Ғұмыры ұзақ болсын, денсаулығы мықты болсын. Осылай көз қуанышың болып жүре берсін. Жанұяға бақыт-береке тілеймін. Саған шығармашылық табыс тілеймін. Бар жақсылықты тіледім. Ата-анаң мен жақындарың аман болсын», – деді Қайрат Әділгерей.

Желі қолданушылары әзілкешті бірден құттықтап, дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге өз ақ тілектерін жолдады.
Бақыттан басы айналған әке парақшасында өзін құттықтаған көпшілікке алғыс айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: