Сәрсенбі, 17 сәуiр, 20:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Ақ орамал» жобасы бірінші орынға лайық деп танылды

18.05.2021

1573 0

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан әйелдер күші альянсы мен іскер әйелдер қауымдастығы төрағаларының маңызды жиыны өтті. Жиында әр аймақтағы қауымдастық ұжымы ұсынған жобалар талқыланып, ең үздігі анықталды. Нәтижесінде «Ақ орамал» жобасы бірінші орынға лайық деп танылды.

Өткен жылы Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қолдауымен «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған «Ақ орамал» ақпараттық-насихаттық жобасы бастау алған болатын. Жобаның мақсаты бүгінгі қоғамдағы, отбасындағы ананың орнын, атқаратын рөлін анықтау, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиелеу міндетін әйелдерге ғана тән міндет деген көзқарасты өзгерту, әкенің беделін арттыру болып табылады.

Жоба аясында ұйымдастырушылар Қызылорда облысындағы әр ауыл-аймақты аралап, нәзік жандармен түрлі кездесулер өткізді. Жобаның екінші кезеңі биыл жалғасын тауып, бұл жолы әкенің отбасындағы, қоғамдағы маңыздылығы назарға алынды. Нәтижесінде «Әке – өмір тірегі» фотожобасын ұйымдастырып, жақсы қорытындыланды. «Ақ орамал» жобасының үшінші және төртінші кезеңінде қыз бала тәрбиесі, көшбасшылық қабілет, жастар мәселелері қамтылмақ.

Ең негізгі жаңалық, бұл ауқымды жоба енді еліміздің әр аймағында ұйымдастырылып, жалғасын табатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: