Жұма, 19 сәуiр, 05:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ақынға құрмет

30.10.2021

713 0

Қала күні қарсаңында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның 5 томдық таңдамалы жыр жинағының тұсауы кесілді.

Шарада қала әкімі Ғанибек Қазантаев төл өнер – айтыс атасын мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Ақын өз кезегінде қала күніне орай біршама кітаптарын қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне сыйға тартты. Салтанатты шара Жастар театры ұсынған «Ұлардың дауысы» атты поэтикалық қойылымның премьерасымен жалғасты.

Ж.Ермановтың өмірі мен өлеңдеріне негізделген «Ұлардың дауысы» атты поэзиялық қойылым – Қызылорда қаласының Жастар театры, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, жырау, профессор А.Алматов пен ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, режиссер-сценарист О.Нұрмахановтың бірлескен туындысы.

Аталған қойылым қиял құшағындағы бала Жүрсін бейнесінен бастау алып, ары қарай жігіт Жүрсіннің азамат болып қалыптасу жолындағы арпалысты сәттерін театр актерлары ақын өлеңдері арқылы жеткізді. Спектакльдің негізгі бөлімінде сахнада көрініс табатын бәйтерек – өмір ағашы, оның жапырақтары ақынның 70 жасқа дейінгі сәулелі сәттері мен мұңды мезеттерін, жеңісі мен жеңілістерін, осы уақытқа дейінгі ғұмыр жолын бейнелейді.

Қойылым соңында ақын Жүрсін Ерман қызылордалықтарды қала күні мерекесімен құттықтап, қала басшылығына және театрдың шығармашылық ұжымына алғысын білдірді.

А.БЕРДІБАЙҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: