Жұма, 26 сәуiр, 13:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Дарынды» алған дарабоз

28.11.2020

942 0

Қоғамның әр саласында жемісті еңбек еткен жастарды қолдау мақсатында тағайындалған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына биыл үміткер көп болыпты. Мықтымын деген 160-қа жуық жас маманның 19-ы осы сыйлыққа лайық деп танылған. Он номинация бойынша жылдың үздіктері осылайша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иемденді. Бұл қатарда әріптесіміз, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Рауан Мыңбаев та бар.

Еңбек жолын облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында бастаған Рауан ізденімпаздығының арқасында көзге түсті. Қызметтік жолда бірнеше сатыдан өтіп, кәсіби шыңдалу мақсатында шет мемлекетте білімін жетілдірді. Журналистиканың қыр-сырын меңгеріп, қарым-қабілетін таныта білді. Жас журналист президенттік пулға қабылданып, Мемлекет басшысының жұмысынан, ресми сапарларынан ақпарат таратуға мүмкіндік алды.

Рауанның бұған дейін жеткен жетістіктері де айтуға тұрарлық. Көпке бұйыра бермейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының, облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығының иегері. Бүгінде талантты жас «Хабар 24» телеарнасының тілшісі қызметінде.

Қашанда жастарға қолдау білдіріп, құрметтей білетін Сыр жұртшылығы перзентінің жетістігін жарыса жариялауда. Бұл ретте қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та жас журналисті құттықтады.

– Құрметті Рауан Ерұзақұлы! Ел үшін еткен елеулі еңбектеріңіздің лайықты бағасы ретінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамды жан-жақты, шынайы әрі нақты ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, ел тынысының айнасы саналатын телеарна саласында өзіндік орныңызды қалыптастырып, күш-жігеріңіз бен зор талантыңыз арқылы білікті журналист ретінде елге танылып үлгердіңіз. Бүгінгі таңда қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін – журналистика саласында шығармашылықтың өрлеу биігінен көрініп, қалың жұртшылықтың шынайы алғысы мен құрметіне бөленіп, еліміздің ақпарат саласын дамыту жолында септігі мол серпінді жобалардың жүзеге асуына айрықша атсалысып келесіз. Алдағы уақытта да еліміздің тыныс-тіршілігін насихаттау жолында ақпарат айдынының алыбына айналған «Хабар 24» телеарнасында табысты еңбек етіп, абыройлы қызмет атқара беруіңізге тілектеспін. Мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттау және ел ішіндегі өзекті мәселелерді жылдам әрі сапалы тарату жолындағы қажырлы қызметіңіз әрқашан жемісті болсын. Бүгінгідей мерейіңіз артқан сәтте қуанышыңызға ортақтаса отырып, шын ықыласыммен еліміздің болашағына бағытталған ірі де іргелі істеріңізге толайым табыс, сәттілік, өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді шаһар басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: