Жұма, 26 сәуiр, 09:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Junior Eurovision 2021»: қалай дауыс береміз?

18.12.2021

828 0

“Junior Eurovision 2021” байқауында ел намысын қорғайтын Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлына дауыс беріп, қолдауға шақырамыз. Еске салсақ, былтырғы байқауда жас талантымыз Қарақат Башанова екінші орынды иеленген болатын.

Дауыс беру үшін:

  •  Junioreurovision.tv сайтына кіріңіз;
  •  Барлық қатысушылардың қысқаша бейнеролигін қараңыз;
  •  Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлын және тағы екі елдің қатысушысын таңдаңыз.

Дауыс беру 17 желтоқсанда басталады.
Айта кетейік, Биыл Париждің төрінде өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайтын болады. 
Францияның астанасынан тікелей көрсетілімді 19 желтоқсан күні 21:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!
Барша қазақстандықтарды еліміздің атынан қатысып жатқан жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз.

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІМІЗ!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: