Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кімдер үздік атанды?

31.12.2021

1084 0

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жыл қорытындысы салтанатты жиыны өтті.

Мерекелік жиынға қала әкімі Ғанибек Қазантаев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев және жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары қатысты.

Салтанатты шарада қала әкімі Ғанибек Қазантаев Сыр жұртшылығын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталды.

– Биылғы жылы еліміз үшін үлкен жетістіктерге толы жыл болды. Жаңа заманауи ғимараттар бой көтеріп, көптеген құрылыс нысандары салынды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жол жөндеу жұмыстары қарқын алып, көшеге жарық шамдар орнатылды. Балалар ойын алаңдары пайдалануға беріліп, білім ұялары күрделі жөндеуден өтті. Республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден бөлінген қаржыға халық игілігі үшін қажетті жұмыстар жасалды. Қаланың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халықтың саны артты. Жаңа аудандар мен әлеуметтік нысандар шаһар шырайын арттырып, экономикалық әлеуетіміз дамыды. Сырдың сол жағалауын игеріп, қала халқы жаңа да жайлы баспанаға қол жеткізді. Бұл – Сыр жұртшылығының ынтымағы мен бірлігінің, бізге артқан сенімі мен қолдауының арқасы. Сүйікті қаламыз болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра береді деп сенемін. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа шаттық қуанышын ала келсін. Айналамыз аман, төңірегіміз түгел болсын, – деді қала басшысы.

Жиында жылдағы дәстүрге сай ел дамуына, қала­ның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азамат «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Халық алғысы» медальдарымен мара­патталып, «Қызылорда қаласының құр­метті аза­маты» атағын және «Жыл үздіктері» номинацияларын иеленді.

Шара қорытынды­сында жергілікті өнер­паздар ән-жырдан шашу шашып, кеш қонақ­тарына мерекелік кө­те­ріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: