Сенбі, 20 сәуiр, 12:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Мұқағали Мақатаевтың есімі Түркия төрінде ұлықталды

23.06.2021

1224 0

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Түркияда «Қайтқанда соңғы тырналар» атты кітаптың тұсауы кесілді. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйытқы болуымен жарық көрген туындының таныстырылымы алдымен Кастамону қаласында өтті.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, өнерпаздар мен ақынның ұрпағы Жұлдыз Мақатаев арнайы келді. Сондай-ақ тұсаукесерге ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ҚР Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Кастамону провинциясының губернаторы Авни Чакыр, Кастамону қаласының мэрі Рахми Галип Вадинлиоғлы қатысып, сөз сөйледі.

М.Мақатаевтың өлеңдер жинағы 6 тілге тәржімаланған. Енді ақынның шығармаларын қырғыз, түрік, әзербайжан, өзбек, түркмен және башқұрт тілдерінде оқуға болады. Аудармашылардың арасында Қырғызстанның танымал ақыны Қожогелді Күлтегін мен түркиялық ақын Кенан Чарбоға бар. Салатанатты шарада сөз сөйлегендер күллі түркі әлеміне танымал қазақ ақынының өмірінен сыр шертіп, өлеңдерінен үзінді оқыды. Панельдік отырыс ұйымдастырылып, түркі дүниесінің ғалымдары Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын талқылады.

Отырыста М.Мақатаев атындағы халықаралық қордың төрайымы Бақытгүл Айдарова Кастамону провинциясының губернаторы мен қала мэрін арнайы медальмен марапаттады. Ақынның 90 жылдығын атап өту рәсімі Анкара қаласында жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: