Сейсенбі, 07 мамыр, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қыз – еркем, өнерімен көркем» атты дәстүрлі қалалық байқауы өтті

03.04.2023

446 0

М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қыз – еркем, өнерімен көркем» атты дәстүрлі қалалық байқауы өткізілді. Халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, салт-дәстүрін қадірлеу мақсатында өткізілген байқауға қалалық білім бөліміне қарасты білім ошақтарынан 18 талапкер аруларымыз қатысып бақ сынады.

Үш кезеңде өткен байқауға белгілі театр сыншысы, режиссер Ұлболсын Қылышбаева, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы, әнші Мөлдір Аманбекова және ақын, Халықаралық ақын-жыраулар Одағының мүшесі Жұмабай Шерниязовтар қазылық жасады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Қонысбай Нұрсезім жеңіп алса, қалған орындарды талапкер арулар өзара бөлісті. Барлық байқауға қатысушылар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: