Сенбі, 27 маусым, 01:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48 (2260)
27.06.2026
PDF мұрағаты

Әріптестеріміз баспаналы болды!

27.06.2026

25 0

Ақорда төрінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді қолдауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілетінін атап айтты.   Себебі, журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет етіп жүр. 

– Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қар­саңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Әсіресе сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады, – деді ел Президенті.

Осы бастама нәтижесінде мерекеде облыстарда жұмыс істейтін ақпарат саласының 66 қызметкеріне пәтер кілті берілді.

Сыр өңірінің журналистері де осы марапатқа ие болды. Әріптесіміз «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары Әзиз Батырбековке және «Қызылорда» телеарнасының теле­операторы Рамазан Жүсіпбекке пәтер кілттері табысталды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: