Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, журналист Бекжан Сүлейменовтің «Ауыл дәмі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
«Ауыл дәмі» – автордың туған жер, ауыл өмірі, ұлттық құндылықтар, елдік пен адамгершілік туралы толғаныстары мен тағылымды естеліктерін қамтыған туынды. Кітапта қазақ ауылының тыныс-тіршілігі, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық болмыс пен рухани сабақтастық мәселелері кеңінен сөз болады.
Рухани шараға еліміздің мәдениеті мен әдебиетіне елеулі үлес қосып жүрген белгілі тұлғалар қатысып, автордың шығармашылығы мен жаңа кітабы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Басқосуда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Парасат» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, профессор, жырау А.Алматов, қоғам қайраткерлері Р.Нұртаев, М.Исаев, «Qyzylorda» телеарнасы директорының орынбасары А.Қасымова және Ақпарат саласының үздігі, журналист Д.Елубаев құттықтау сөз сөйледі.
Кешті Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, «Тұран» сыйлығының иегері, педагогика ғылымдарының магистрі, жырау Серік Орынбекұлы Жақсығұлов жүргізді.
Кездесуде қаламгер шығарманың жазылу тарихы мен негізгі идеялары туралы әңгімелеп, өз өлеңдерін оқыды.
«Ақмешіт ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!