Сенбі, 19 сәуiр, 20:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Елге қызмет – аманат жүгі

19.04.2025

53 0

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету, дәлелсіз бас тарту секілді фактілер анықталған жағдайда департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

Мәселен, сәуір айында Қорғаныс министрлігіне қарасты аумақтық мекемелермен және үйлестіруші жергілікті атқарушы органдармен тиісті ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу жұмыстары нәтижесінде қала әкімдігі тарапынан Қызылорда қаласының екі бірдей тұр­ғынына «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды.

Осы орайда, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 сәуі­рінде қала тұрғыны Б.Ө.-нің өтініші бойынша мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттің оң нәтижесі ұсынылды.

Марат АЙТХОЖА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда

облысы бойынша департаментінің бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: