Құрылтай

Сейсенбі, 21 шiлде, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Жылу маусымына дайындық қалай?

21.07.2026

80 0

Жылу беру маусымында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде апаттық жағдайлар мен ақауларды болдырмау аса маңызды. Қыс мезгілінде қысылтаяң жағдай болмау үшін тыңғылықты дайындық қажет. Сондықтан да өңірде жылу және инфрақұрылым жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Құны 215 млрд теңгені құрайтын жоба­ны түркиялық «Aksa Energy» компаниясы жүзеге асырған. Жаңа орталықтың қуат­тылығы  240 мегаватт электр және 277 гига­калория жылу энергиясын өндіреді. Жоба аясында қуатылығы 176 МВт 2 газ турбиналық қондырғы, 95 МВт бу турбинасы, қуаттылығы 120 тн/сағ 2 бу қазандығы мен 150 Гкал/сағ 4 жылу қазан­дығы орнатылған. Бүгінде жаңа орталық толық іске қосылып, электр энергиясын өндіруде. Алдағы жылу маусымынан бас­тап қала тұрғындары жаңа орталықтан жылу алады. 

Бүгінгі күнге дейін қаланың басым бөлігін жылумен қамтамасыз етіп келген «Қызыл­ордажылу-электр орталығының» жұмысы­мен танысты. Қазіргі таңда кәсіпорындағы жылу энергия көздерінің 85 пайызы, жылу желілерінің 40 пайызы тозған. Станция 67 мегаватт электр, 355 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаражат есебінен 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және №2 газ турбиналық қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина, 10 автономды қазан­дық, негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді.

«Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесінде қысқа дайындық жұмысы жүруде. Мекемеге қарасты 10608 шақы­рым электр желісі, 2058 қосалқы станция бар, ал трансформаторлардың жалпы қуаты 1350 мегаватт.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: