Құрылтай

Сейсенбі, 21 шiлде, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Терезе ойын алаңы емес

21.07.2026

68 0

Кейінгі 3 жылда елімізде 104 бала көпқабат­ты үйдің терезесінен құлап көз жұмса, 600-ге жуығы түрлі жарақат алған. Ал жыл басынан бері облыс көлемінде ата-анасының қарауынсыз қалған бала­лардың терезеден құлап кетуіне байланысты 8 оқиға тіркелген. Бұл дабыл қағарлықтай жағдай. Әсіресе, осы мезгілде бұл трагедия көбейе түседі. Көпқабатты үйдегі балалар үлкендер көзін ала бере терезеге қарап ұмтылады. Мұның арты немен аяқта­латынын жоғарыдағы сандарға қарап байқаңыз. Көп жағдайда терезе­ден құ­лау – ата-ананың қарауынсыз қалған 2-7 жас арасындағы балалар арасында болады. Қайғылы оқиғалардың басты себептерінің бірі – балалардың терезе торына сүйенуі. Бұл торлар баланың салмағын ұстап тұра алмай, қайғылы жағдайлар орын алуда. Жыл сайын қайталатын жағдайдың алдын-алуға болады, әрине. Ол үшін ата-ананың жауапкершілігі маңызды. Төтенше жағдайлар минстрлігі бұл жайтқа байланысты дабыл қағып, түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Осы мақсатта қала әкімдігінде өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Совет Жасұлан қаладағы жүргізіліп жатқан түсіндіру іс-шаралары туралы кеңінен айтып өтті.

– Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан қала әкімдігімен, қалалық полиция басқармасымен және еріктілер ұйымдарымен бірлесіп, балалардың көпқабатты тұрғын үй­лердің тере­зе­­лерінен құлау фак­тілерінің алдын алу мақ­сатында тұрғын үй­лердің аула­ларында тұрақты түрде түсіндіру және үгіт-насихат жұ­мыстары жүргізілуде. Аталған ба­­ғыттағы про­филактикалық іс-шара­лар ая­сында бұқаралық ақпарат құрал­­дарында және әлеуметтік желі­лерде ақпараттық материал­дар жарияла­нып, пайда­лы бейне­роликтер таратылуда. Сондай-ақ көрермендердің на­зарын қауіпсіздік мәселелері­не ау­дару мақсатында «Арай City Mall» ойын-сауық кешенінің кинотеатр залдарында арнайы профилактикалық бейнеро­ликтер көрсетілуде. Бұдан бөлек, қаланың LED экрандарында және Президент саябағындағы айналмалы шолу дөң­гелегінің электрондық экранында балалар қауіп­сіздігіне қатысты пайдалы ақпараттар мен ескерту материалдары тұрақты түрде жариялануда, – деді Совет Жарқынұлы.

Сонымен қатар балалардың терезеден құлау оқиғаларын азайту үшін тұрғын үйлерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ қала әкімдігінің де­меушілігімен көпқабатты тұрғын үйлерде тұ­ратын көпбалалы отбасыларға арналған 127 дана терезе қор­ға­ғыш құрылғысы сатып алынуда. Бұл құрылғылар мұқтаж отбасыларға берілетін болады.

– Мұндай құрылғылар бала­лардың терезені өздігінен ашуына мүмкіндік бермейді және қауіптің алдын алуға көмектеседі. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі ересектердің салғырт­тығынан орын алады. Сондықтан ата-аналар мен қамқоршылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуі қажет, – деді Совет Жасұлан.

Төтенше жағдайлар басқар­масы тұрғындарға бірқатар маңызды қауіпсіздік шарасын сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, үйде бала болған кезде терезелерді ашық қалдырмау маңызды. Әсіресе, терезедегі москит торын сенімді қорғаныс құралы ретінде пайдаланбау, балаларды терезе, балкон және шыны есіктердің жанында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ жиһаздарды терезе маңына қоймау, балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыру және терезелерге арнайы блокираторлар немесе құлыптар орнату ұсынылады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: