Құрылтай

Сейсенбі, 21 шiлде, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Суға түсерде сақтық қажет

21.07.2026

81 0

Жаздың аптап ыстық күндерін­де тұрғындар сая іздеп өзен-көл жағасына демалуға асығады. Осы күндері демалушылар қауіпсіздікті екінші орынға қоятыны рас. Яғни, рұхсат етілмеген жерлерге суға түсуге баратындар жеткілікті. Мұн­дай жайттар рейдтік шаралар кезінде анықталған. Қалада суға шомылу маусы­мының өту барысы мен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы қала әкім­дігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Төтенше жағдайлар бас­қармасының аға инспекторы Елдар Есенгелдиев кеңінен айтып өтті. 

– Тұрғындардың суда қауіпсіздік шара­ларын сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүр­гізілуде. Насихаттық жұмыстар мұнымен шектелмейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін суға шомылатын орындарда кезек­шілік ұйым­дастырылып, ескер­ту тақтайшалары ілінді. Тұрғындар ара­сында үгіт-насихат жүргізілуде. Қалада «Эдельвейс» және «Сыр толқыны» жағажайлары жұмыс істеуде. Ал, суға түсуге тыйым салынған 16 қауіпті учаскеге 46 ескерту тақтайшасы, 12 баннер және 25 трафарет орнатылып, күн сайын құт­қарушылардың кезек­шілігі ұйым­дастырылуда. Судағы қауіп­сіздік мәдениетін қалыптастыру үшін сауда орталықтарында дауыс зо­райт­қыштар арқылы ескерту ха­бар­ламалары беріліп, БАҚ пен әлеу­меттік желілерде ақпараттық материалдар жариялануда. Жазғы демалыс кезінде 52 білім беру ұйы­мында 15 628 оқушыны қамтыған қауіпсіздік тақырыбындағы инте­рактивті және практикалық сабақтар өткізілді. Жыл басынан бері тыйым салынған орындарда суға түс­кені үшін 8 құқық бұзушылық анық­талып, кінәлі тұлғаларға Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабына сәйкес шара қолданылды. Сондықтанда тұр­ғындарды балаларды қараусыз қал­дырмауға және тек рұқ­сат етіл­ген орындарда ғана шо­мылуға шақырамыз, – дейді Елдар Есенгелдиев.

Елімізде шомылу маусымы бас­­талғалы бері  69 бала қаза тап­қан. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға су жағасында демалу кезінде бала­ларға бақылауды күшейтуге ша­қырды. Минстр­лік сонымен қатар демалыс кезінде ересектердің алко­гольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынуы да қайғылы оқиғаға себеп екенін жет­кізді. Салдарынан балалар ересектердің тиісті бақы­лауынсыз қалады екен.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: