Конституция

Сейсенбі, 30 маусым, 01:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызмет көрсету –  бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі

30.06.2026

35 0

«Цифрлық Қазақстан» ке­шенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай  дамуда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға 6 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».

Мемлекеттік қызметті элек­тронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.

«Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғи­маратында тұрғындарға мем­лекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

Сондай-ақ әкімшілік ғи­маратта халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұры­шы талапқа сай қажетті тех­никалық  құралдарымен қамта­масыз етілген. (компьютер жабды­ғымен, принтер, камера, картридер, колонка).

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру өте маңызды. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сапасы мен қолжетімділігіне мән беру, үнемділік пен тиімділік қағидаттары басты назарда болады.

А.Орынбай,

Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: