Бейсенбі, 30 мамыр, 23:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылша дендеп тұр

20.01.2024

477 0

Сурет: aikyn.kz

Өткен жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында қызылша аурушаңдығының 1266 жағдайы тіркелген. Оның тең жартысы – 14 жасқа толмаған балалар. Бұл туралы Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Сыздықова хабарлады.

– Жыл басынан бері қызылша аурушаңдығының 130 жағдайы тіркелді. Оның  90 пайызы – 14 жасқа толмаған балалар. Қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру үшін қажетті шара жүргізілуде. Індетке  шалдыққандардың басым бөлігі – қызылшаға қарсы екпе алмағандар, екпе алу жасына толмаған балалар және діни себеппен екпе алмағандар Сондай-ақ  екпе алған балалардың қызылша аурушаңдығын жұқтыру ықтималдығы төмен. Аурудың алдын алып, уақытылы екпе қабылдаған жөн. Жалпы күзгі, қысқы эпидмаусымға тән ауру  қатарына вирусты инфекциялар жатады, – деді Гүлмира Сыздықова.

Баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының  ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айгүл Төлегенова екпе егу шарасына тоқталды. Мәлімет бойынша 1 жастағы 9264 және 6 жастағы 8292 бала қызылшаға қарсы  екпе алды. Ендігі ретте 6 айдан бастап 10 айға дейінгі және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға иммундау жүргізіледі. Осы санаттағы 23 767 бала екпе алған.  6-10 ай аралығындағы 17 776 бала екпе алған.

– Вакцинациядан бас тарту түрлі инфекцияның өршуіне әкелуі мүмкін. Қызылша ауруы 100 пайыз контагиозді жұқпалы ауру. Науқаспен қарым-қатынаста болғандардың 100 пайызы ауру жұқтырады. Алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, жөтел, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі және бөртпелер. Егер қызылшаны уақытында емдемесе өкпе қабынады. Сол себепті ата-анадан  балаларын уақытылы вакцинациялап, денсаулығына дұрыс қарауды өтінеміз, –деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Алиева.

Ендеше, қауіпті дертпен күресу  үшін екпе жасау маңызды екенін ескеріп, дәрігер кеңесіне мән бергеніміз жөн.

М.Еріш

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: