Қазіргі уақытта облыс орталығында құрылыс қарқынды жүріп жатқанын байқап жүрміз.
Аймақ басшысының бастамасымен Президент саябағында жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы, яғни қысқы бақ құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыс барысын қала әкімі Нұржан Ахатов аралап көрді. Шаһар басшысы мердігер мекеменің мамандарымен кездесіп, құрылысшыларға ауқымды жобаның қауіпсіздігі мен сапасына мән беру керектігін айтып өтті. Құрылыс жұмысын «Alem Qurylys AQ» ЖШС-гі жүргізуде.
– Лагерьдің құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін қатаң талап қойылады. Өйткені бұл лагерь еліміздегі баламасы жоқ балалардың демалыс орны болады. Ботаникалық бақ та сондай сұраныстағы нысанның бірі. Сондықтан ел асыға күткен жобаларды межеленген мерзімде аяқтау керек, – деді шаһар басшысы.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!