Сейсенбі, 23 маусым, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Статистикаға арналған ғұмыр

23.06.2026

22 0

Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және таңдаған ісіне адалдықты талап ететін ерекше сала. Мемлекеттік органдардың тиімді қызметінің артында ел дамуына бағытталған маңызды міндеттерді күнделікті жүзеге асыратын азаматтар тұр.

Осындай мемлекеттік мүддеге қызмет етудің жарқын үлгісі – 40 жылдан астам өмірін мемлекеттік статистиканы дамытуға арнаған Гүлзира Ескараеваның кәсіби жолы.

Гүлзира Исламқызы – өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облыстық статистика басқармасында бастады. Қызылорда совхоз-техни­кумында «Бухгалтерлік есеп» маман­дығы бойынша білім алып, кейін Қазақ мемлекеттік университетінде жоғары экономикалық білім алған. Ол өзінің кәсіби қызметін мемле­кеттік басқарудың маңызды бағыттарының бірі – статистика саласымен байланыстырды. Көп жылдық еңбек жолында ол кәсіби білімі мен тәжірибесін жетілдіре отырып, маманнан бөлім басшысына дейінгі жауапты қызмет сатыларынан өтті. Бай тәжірибесі оған статистиканың әртүрлі бағыттарында – халық статистикасы, сауда, баға, қаржы, еңбек статистикасы салаларында жұмыс істеуге, сондай-ақ мемлекеттік статистика органдарының даму кезеңдерінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда Гүлзира Исламқызы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қы­зыл­орда облысы бойынша департа­ментінде құрылыс және инвестициялар статистикасы бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Оның басшылығы мен басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті объективті әрі сапалы статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша міндеттер жоғары деңгейде орын­далуда. Көп жылдық еңбек тәжіри­бесі, статистикалық қызметтің ерекшеліктерін терең меңгеруі және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы Гүлзира Исламқызына әріптестер арасында зор беделге ие болуға мүмкіндік берді. Ол жоғары білікті маман ғана емес, сонымен қатар жас қызметкерлерге кәсіби білімін, практикалық тәжіри­бесін және мемлекеттік қызметке жауап­кершілікпен қарау қағидаттарын үйрететін тәлімгер.

Жылдар бойы адал еңбегі үшін Гүлзира Исламқызы мемлекеттік статис­тиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен, «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапатталған.

Оның еңбек жолы кәсібиліктің, тұрақтылықтың және мемлекеттік қызметке деген адалдықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында осындай мамандардың еңбегін атап өткен жөн. Себебі олар өздерінің күнделікті қызметі арқылы мемлекеттік институттарға деген қоғам сенімін нығайтып, ел дамуына өз үлестерін қосуда.

Қазақстан Республикасының Стра­тегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюро­сының Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: