Жексенбі, 21 маусым, 14:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (2258)
20.06.2026
PDF мұрағаты

Ұлт саулығының сақшыларына құрмет

20.06.2026

114 0

Медицина қызметкерлерінің жанкешті еңбегінің нәтижесі мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға, денсаулығын жақсартуға сеп болуда. Ақ халатты абзал жандар қашанда құрметке лайық. Дәрігерлердің кәсіби мерекесіне орай «Ұлт саулығын ұлықтаған – дәрігер» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі  Мұрат Ергешбаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын жолдады. – Құрметті Қызылорда облысының медицина саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, мейірім мен жанашырлықтың, төзім мен табандылықтың, жоғары біліктілік пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Облыс халқының саулығынсақтау жолындағы табанды еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін», – делінген құттықтауда.

Содан кейін аймақ басшысы Сыр медицинасының дамуындағы оң жетістіктерге кеңінен тоқталды.

– Дәрігер – ең ізгі,ең қастерлі мамандық иесі. Дәрігер болу – үлкенжүректі, терең білімді, кәсіби білікті,Гиппократ антына адалдықты, жоғары жауапкершілікті талап етеді.  Бар күш-жігерін, білімін, тәжірибесін халықтың саулығына арнап, уақытпен санаспай, күні-түні жасаған қызметтеріңізді  әрдайым жоғары бағалаймыз. Нағыз дәрігер үшін ең жоғары құндылық – халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөлену.

Бүгінгі мерейлі мерекеде сіздердің өлшеусіз еңбек­теріңізге барша Сыр жұртшылығының атынан алғыс айтып, зор ризашылығымызды білдіремін. Халыққа әрдайым адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар!, – деді облыс әкімі.

Мерекелік шарада  медицина саласында ұзақ жылдар тер төккен ақ халатты білікті дәрігерлер «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағын алып, «Парасат», «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалімен марапатталса, бірқатар алдыңғы қатарлы медицина қызметкерлері ҚР Премьер министрі орынбасарының  Алғыс хатына, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлес үшін» төсбелгісіне, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

Медицина қызметкерлеріне көрсетілген бұл құрмет –  олардың еңбегіне деген жоғары бағасының айғағы. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: