Осы аптада ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Ақордада бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Салтанатты шарада отандық журналистика саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар журналистерді марапаттады.
Оның ішінде Сыр өңіріне белгілі тележурналист, «Qyzylorda» телеарнасының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Жағыппар Аманжолұлы Қарабала да бар. Жағыппар Қарабала жоғары мемлекеттік награда «Парасат» орденімен марапатталды. Жағыппар Аманжолұлының «Парасат» орденіне ие болуы – оның қазақ журналистикасына сіңірген еңбегіне берілген жоғары баға. Ардагер журналист кәсіби біліктілік пен шығармашылық ізденістің нәтижесінде Сыр өңіріндегі телевизия саласының өзіндік мектебін қалыптастырды. Елге құрметті журналисті марапатымен құттықтаймыз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!