Жексенбі, 12 мамыр, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Әнші Сәкен Майғазиев ата-аналарға өтініш айтты

19.01.2024

359 0

Сурет: stan.kz

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев қарғыс туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жазбасында ашуланғанда балаларына қандай ауыр сөз айтатынына тоқталды. 

“Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса, (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: “Ия, бұл әкең… бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган…”, деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, “Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр…”, деп “қарғайық”. Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік”, – деп кеңес айтты әнші.

Сондай-ақ, эстрада жұлдызы жазба барысында қарғыстың қабыл болғаны туралы мысал келтірді. 

“1984 жылдан бері бас имам міндетін атқарған әл-Судайс “Анамның “қарғысымен” имам болдым” деп еске алады: “Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып “Қағбаға имам болғыр, Судайс” дейтін. Анамның осы «қарғысы» маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым” деген екен. Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары қарғыстың неше түрін жазып, тың мәліметтерді бөлісіп жатыр. “Келісемін, өте орынды жазыпсыз! Менің балам бастық десең, бастық болады. Ауыздан шыққан әр сөзіміз бен ойымыз дұға!”, “Менің енемнің қарғысы өте ауыр. “Өліп қалғыр, тумай қалғыр” деп айтады. Тіпті күнделікті сөзге айналды деуге болады”, “Мен бір апаны білем, баласына «жетпей желкең қиылып, жер жастаңғыр» деп айтатын. Бір емес бірнеше рет естідім. Қыршын кетті сол баласы” деп жазып жатыр әншінің тыңдарманы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: