Бейсенбі, 18 шiлде, 13:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Динара Қырықбаева: «Енді бір жақсы адам жолықса деймін»

19.06.2024

421 0

Сурет:әлеуметтік желі

Танымал әнші Динара Қырықбаева Анна Данченкоға берген сұхбатында жеке өмірі туралы ашып айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші алдағы уақытта өз жартысын жолықтыруды армандайтынын атап айтты.

«Мен бақытты болуға лайықтымын. Әр ана бұл өмірде бақытты болуға лайықты. Енді бір жақсы адам, жақсы жар, менің балаларыма жақсы, өз балаларындай қарайтын жан жолықса деймін. Өзіме әйел бақытын тілеймін», – деп жауап берді әнші.

Тележүргізушінің «балаларың ата-анаңмен тұра берсін, мен сені ғана аламын» десе, тұрмысқа шығар ма едіңіз» деген сұрағына әнші өз жауабын айтты.

«Жоқ, жоқ, әрине жоқ.  Мен үшін балалар бірінші орында тұрады. Ондай ер адам маған керек емес. Ондай ер адамға мен қарамаймын. Балаларымды керек етпесе, не үшін ол маған керек? Сондықтан, ондай еркектер маған жоламаңыздар», – деді әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: