Жексенбі, 05 қаңтар, 02:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Халық әртісі Роза Рымбаева сынға ұшырады

02.01.2025

682 0

Сурет: ulysmedia.kz

Биылғы «Қызық Премиядағы» бір жайт желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл Қызық Премия екінші рет 3 мыңға жуық көрерменмен бірге Алматыдағы Республика сарайында өткізілген. Концертке елдің түкпір-түкпірінен көрермен жиналған. Әдеттегідей кешті Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек Қызық Премияны жүргізген.

Кеш кезінде “Тикток хит” атағын Әзербайжан елінен келген Роза Зергерлі ұтып алды. Оның “Istedim” әні желіде өте көп талқыланған еді. Әкесі сонау 1979 жылы Роза Рымбаеваның өнерін көріп, қызын соның құрметіне Роза деп атағаны белгілі болды. Роза Зергерліні сахнада Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаеваның өзі марапаттады.

Роза Рымбаева Роза Зергерліні марапаттау кезінде орысша сөйлеп кеткен. Ол өзінің де есімін әйгілі әншілер Роза Бағланованың құрметіне қойғанын айтқан. Роза Зергерлі де осыдан кейін орысша сөйледі. Мұны көрген жүргізуші Еркебұлан “бағанадан бері неге қиналып тұрмыз? Орысша сөйлей алады екенсіз ғой” дейді Роза Зергерліге қарата.

Кеш кезінде Роза Рымбаеваға “Аңыз адам” премиясы берілді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Роза Рымбаеваның осы әрекетінен шалалық көріп, сын көзбен қарап, жазба қалдырып жатыр. “Қонақ Роза ұялды ма, ыңғайсыз санады ма ол да орысша сөйлеп кетті” деп жазады бірі. “Бір ауыз қазақша сөйлемей сахнадан кеткені ұят болды” дейді тағы бірі. Екіншісі Роза Рымбаеваны ақтап пікір қалдырған. “Балаларын орыс тілді қылмады. Екі ұлы қазақша сөйлегенде сөздің түбін түсіреді. Немересіне де қазақи тәрбие беріп жүр. Жеке басына жаман сөз ермеген адам” дейді ақтап жазғандар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: