Жексенбі, 28 сәуiр, 12:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Маған манипуляция, сатқындық жасады – Дильназ Ахмадиева

21.02.2024

484 0

Aqmeshit-aptalygy.kz – Танымал әнші Дильназ Ахмадиева өнердегі әріптесі, құрбысы Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті хабарлайды. 

Өнер иесі анасынан басқа ешкімге сене алмайтынын жасырмады. 

“Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Анам – ғана ең жақын құрбым. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын», – деп шынын айтты Ахмадиева. 

Сонымен қатар, әнші ұлынынң диагнозы барын да жасырмады. 

“Тоғыз жыл күткен ұлым Зейданның денсаулығы сыр беріп жүр. “ЗПРР” деген диагноз қойды. Оны естігенде есеңгіреп қалғаным рас. Қабылдау қиын болды. Бірақ ондай диагноз екінің біріне қойылады екен. Қазір ұлымды емдетіп жатырмын. “Балабақшаға берсең, балалармен ойнап кетеді” деген ақыл айтатындардікі – ақымақтық. Балаға бірінші ата-анасы көмектесуі керек. Барлық қиындықтың шығатын жолы бар”, – деді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: