Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Майра Мұхамедқызы қытай төрағасының алдында ән шырқады

04.07.2024

457 0

Фото: https://www.instagram.com/mairaopera/

Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы ШЫҰ саммитіне қатысып, ел президенттерінің алдында ән салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Игі іс-шараға ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген де өнер көрсетті. 

“Елордамызда өтіп жатқан ШЫҰ саммиті бүкіл әлем назарында. Мен үшін бұл іс-шарада өнер көрсету – Отан алдындағы үлкен борышым деп білем. Ел намысын қорғау — мақтаныш та, үлкен жауапкершілік те.
Кеше Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының алдында ән салдым. Си Цзиньпин мырзаның алдында ән айтуым осымен үшінші рет қайталанып тұр. Ән демекші, ән көп. Бірақ, жүрекке жететін ән таңдап әрі жеткізіп айту – ол бөлек! Кешегі мен орындаған ән, қытай ақыны Лу Ю мен Таң Ванның махаббат мұңы. Тарихы көне тілмен жазылған классикалық романс сол жерде отырған ешкімді бей-жәй қалдырмады. Екінші әнім де – қытайдың нағыз философияға толы, ғасыр махаббат дастаны. Қазақша айтқанда, өмір-өзенді сипаттайтын туынды. Ал кешкі 16 президент алдында салған ән-қытайдың 100 үздік әндерінің көш басы болған ұранды шығарма”, – деп ерекше әсерге бөленді әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: