Жұма, 19 шiлде, 10:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Облыстық симфония оркестрінің алғашқы концерті өтті

14.09.2023

234 0

Қызылорда облысының 85 жылдығына орай аймақ басшысының тікелей қолдауымен Сыр өңірінде тұңғыш рет облыстық филармония жанынан симфония оркестрі құрылды.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе.

Оркестр құрамына ішекті, үрмелі және ұрмалы аспапты игерген30 кәсіби музыкант қабылданып, ұжым 50-ден аса маманнан жасақталды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен симфония оркестрінің алғашқы концертінде облыс әкімі аппаратының басшысы Ш. Байманов жаңа ұжымға аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Мәдениет саласындағы жетістіктер мен атқарылған шараларға тоқталып, облыс әкімінің ықылас гүлін табыстады.

Бүгінгі бағдарламада күрделі туындылардың бірі – композитор Ахмет Жұбановтың «Абай» симфониялық сюитасы, әрбір симфония оркестрінің репертуарында болуы тиіс күрделі шығарма – Ф.Шуберттің №8 «Аяқталмаған симфониясы» және қазақ, әлем композиторларының шығармалары орындалды.

Солистер – филармония әншісі, «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Айдос Иманжаппаров, Ақылбек Табынбаев, Сымбат Тасбергенова.

Облыс әкімінің қолдауымен кейінгі жылдары өңірдің өнер майталмандарының басын қосқан елу жылдық тарихы бар қара шаңырақ – филармонияның материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Жыл соңында жаңадан ашылатын Өнер орталығында симфония оркестрінің үлкен шығармашылық концерті өтеді деп жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: