Жексенбі, 05 мамыр, 02:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Осал тұсымыз көрініп қалды – Ләйлә Сұлтанқызы

24.01.2024

286 0

Сурет: kaz.nur.kz

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Алматыдағы зілзалаға қатысты пікір білдіріп, бала кезінде болған жер сілкінісін есіне алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағындағы есте қалған оқиғасын Instagram парақшасына жариялады. Тележүргізуші ол кезде жер сілкінісін табиғат ашуланып жатыр деп қабылдағанын жеткізді.

«Ол кезде кішірекпіз. Жер үйде тұрдық. Жаздың күні есік алдында ойнап жүр едік, бір кезде әжем «шарбаққа сүйеніңдер» деп айқай салды. Өзі отыра қалып жерден орамалына орап топырақ алып жатыр. Сөйтсек жер сілкінісі екен. Жерден жинаған әлгі топырақпен көрші апа «адам емдеуге болады, жараны жазады, ауырғанды басады» дейтін. Ал біз таңғалдық та қойдық. Сол заманның мифі. Баламыз ғой, бізге жер сілкінісін табиғат ана ашуланып жатыр деп түсіндіретін», – деп жазды ол. Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы Алматыда орын алған жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді. Продюсер бұл жағдай барлығымызға үлкен сабақ болғанын алға тартты. «Қанша рухани, физикалық тұрғыда мықты болсақ та, осындайда ештеңеге қауқарсыз екенімізді мойындау қиын. Кеше айналдырған бірнеше минуттың ішінде кем-кетігіміз шығып, осал тұсымыз көрініп қалды. Ойланып, қолға алатын дүние көп. Біз мектеп оқығанда төтенше жағдайдың барлық түріне дайындық жүретін. Қызық, қазір балабақша, мектеп ЖОО, әскери бөлімшелерде ондай оқу жаттығулар өтіп, қабырғаларда инструкциялар ілулі тұр ма екен», – деп жазды тележүргізуші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: