Сейсенбі, 30 сәуiр, 23:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қайда қарасаң да, жапа шеккен де сорлы әйелдер» – әнші Меруерт Түсіпбаева

14.03.2024

380 0

Сурет: stan.kz

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева отбасында зорлық-зомбылық көретін әйелдерге кеңес айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, «Хабар» арнасының «Бірақ» отбасылық ток-шоуында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелге арналған бағдарлама көрсетілді. Ток-шоу кезінде жүргізушілер 18 жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелді күйеуімен татуласуға мәжбүрлеген еді. Өнер иесі осы оқиғаны көрсетіп, әйелдерге кеңес берді. 

“Қайда қарасаң да, жапа шеккенде сорлы әйелдер…. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! “Болашақ” стипендиясын алып, шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі бәріңізге мәлім. “Ештеңе көрмедім, ештеңе білмеймін” деп отырған түрі анау. Қыздар! Ұрмақ түгілі, боқтап жіберсе де қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяқтарыңа жығылып, құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да қашу керек! Әйтпесе тым кеш болады”, – дейді әнші. 

Желі қолданушылары мен өнер иесінің әріптестері бірауыздан қолдап, басынан өткерген түрлі оқиғаларын бөлісіп жатыр. 

“”Дұрыс айтасыз, 40 жыл бойы тепкі көргенмін. Еш өзгермеді. Қазір өкінемін”, “Менің күйеуім талай ұрды, балаларым үшін шыдадым. Қазір ұрмайды, соған қарағанда ақылы кірген-ау”, “Отбасындағы зорлық-зомбылықтың түбі – адам өлімі”, “Мына әйелге қорлық көрсеткен бағдарламаны соттау керек” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: