Бейсенбі, 28 наурыз, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Республикалық жас ақындар айтысы өтеді

27.10.2021

1216 0

29 қазан күні Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтеді.


Шараның басты мақсаты – қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу.


Айтысқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық өнер университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Павлодар педагогикалық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Астана» медициналық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті атынан жас ақындар қатысады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: