Жексенбі, 23 маусым, 06:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

«Шығармашылығыма шектеу қойды» – Әнші Бауыржан Исаев

30.05.2024

317 0

Сурет: instagram.com/bauyrzhan_issayev_official

Белгілі әнші Бауыржан Исаев өнер жолындағы көрген қиындықтарын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі “Хабарlike” бағдарламасында қонақта болып, осыдан 25 жыл бұрынғы оқиғаларын есіне алды. 

“Жалпы өнер жолы – ауыр жол. Сахнаға шығармай қойған кезін былай қойғанда, кісен салып алып кетті. Қылмыстық іс те қозғалған еді. Консерваториядан кісен салып, алып кеткен кездер де болды. Сөздің ашығы, оны халық білмейді. Алматының Ішкі істер департаментінде отырдық. Сол кезде бір ағамыз алып шыққан. Ол сынақтан да өттік», – деп бір құпияның шетін шығарды. 

Әншінің айтуынша, 2000 жылдары әншінің шығармашылығына шектеу қойылып, сахнадан шеттетілген көрінеді.

“Бүгін алғаш рет айтайын деп жатырмын. Бұл ақпаратты сіздерге жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма ресми түрде шектеу қойылған еді. Ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер осы бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, тыйым салынған. Бүкіл өңірде облыстық әкімдерге хабарласып, менімен жұмыс істемеуді бұйрық ретінде шығарған еді. Cол үшін мені концерттерге шақыруды қойды, одан бөлек бүкіл Қазақстандағы радиолардан, теледидардан менің әндерімді, бейнебаяндарымды алып тастаған», – деді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: