Сенбі, 04 мамыр, 14:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Светлана Айтбаева : «Димаш үшін 100-ден астам банка жинаймыз»

15.12.2023

506 0

Фото:  turkystan.kz

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева болашақ келініне қояр талабын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Димаш үйге келеді деген сөзді естіген бойда әжесі қазанға етті салады,  сол күннен бастап дайындыққа кіріседі. Ол бала кезінен етті жақсы көреді. Біз де басқа отбасылар сияқты қысқа дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Жазда компот дайындаймыз, сонымен қатар тұздалған қияр банкаларын жабамыз. Сену қиын, бірақ тек Димаш үшін біз 100-ден астам банка жинаймыз», – деді ол.

Анасы Димаштың қасында болашақта қандай қыз көргісі келетінін айтты.

«Димаш үйленетін жаста. Менде ерекше талаптар жоқ. Егер ол бірдеңе істеуді білмесе, мен оған бәрін үйретуге дайынмын. Біз де бөтен үйге келгенде, жасай алмайтын нәрселеріміз болды», – дейді Светлана Айтбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: