Жексенбі, 28 сәуiр, 18:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сырттан үріп тұратын адамдардың маған қажеті жоқ – Азамат Сатыбалды

15.02.2024

336 0

Сурет: Видео скрин

Aqmeshit-aptalygy.kz – Танымал актер, “Қазақфильм” АҚ президенті Азамат Сатыбалды өзіне қатысты алып-қашпа әңгіменің ақ-қарасын ажыратып берді. Бұл туралы “Хабарlike” бағдарламасына берген сұқбатында айтып берді. 

Басшының айтуынша, аталған жер телімі өзіне дейін де жалға берілген болып шықты. 

“Қазақфильмнің» 16 гектар жерінің арғы бұрышында 1,5 гектар автогаражы бар. Оның 80 пайызы қаңырап бос тұр. Ол жер маған дейін де жалға берілген.  Мен ол жер телімін арнайы заңды түрде жалға беру арқылы “Қазақфильмнің” 10 жұмыскерін қысқартудан аман сақтап қалдым. Менікі дұрыс па, бұрыс па?! Егер құжаттың бәрі өтірік, жалған болатын болса, мен баяғыда жұмыстан шығып кететін едім. Барлығы заңды, ашық, келіп тексерсін, көрсін, көрді де!» – деді «Қазақфильм» АҚ президенті.

Одан кейін актер “Қазақфильмнің” жерін көлік тұрағына айналдырып, айына бір көлік алып тұрады» деген қауесетке де нүкте қойды. 

«Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады» дейді. Мен ешқашан ақталмаймын. Айына бір көлік алмаймын. Менің тіпті қызмет көлігім де жоқ. Қазір достарымның берген көлігін мініп жүрмін. Сондай-ақ, біреуді қаралау арқылы өзіне хайп жинағысы келген адамдар, жақсылап ойлану керек. Өзім Алла мен заңның алдында адал, дұрыс жұмыс істеп келе жатқанымды білемін. Менің мақсатым – “Қазақфильмге” қызмет ету және оны кризистен алып шығу, ал сырттан үріп тұратын адамдардың маған қажеті жоқ. Тіпті тілге тиек қылып, сөйлегім де, ақталғым да, оларға жауап бергім де келмейді», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: