Жексенбі, 23 маусым, 06:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Танымал ақын Төреғали Төреәліні сотқа бермек

28.05.2024

269 0

Сурет: massaget.kz

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұнайдар Балмолда «Қазақтың жылқылары» деген әнін Төреғали Төреәлі «ұрлап алғанын», сол үшін оны сотқа беретінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, әнші өлеңнің сөзін өзгертіп, Қайнар Аалгөзовке жаздырып алған. 

«Менің «Қазақтың жылқылары» өлеңіме жазылған Алтынбек Каресов екеуміздің әнімізге Төреғали Төреәлінің көзі түсіпті! Түскені құрсын, ұрлап алып, сөзін жоқ қылып, оның орнына Қ. Алакөзовке сөз жазғызып алып, бір қожалықтың әні қылып, айтып жүр екен! Тик-токтан бір байқап қалып, ескерту жасадым. Жақсылықпен қоя ғой, менің авторлық құқыма қолыңды сұқпа деп! Жоқ, бұл бала сөз түсінбейтін болып тұр! Ютуб арнасында, өзінің парақшасында осы ән тұр деп маған жігіттер хабарласып жатыр. Бұл әнші жігіт Алтынбекке (композиторға – еск.) хабарласып, әнді сұрапты. Алтынбек өзінің келісетінін айтып, бірақ «Мұнайдар ағамнан рұқсат сұраңыз» депті. Ал Төреғали мені адам екен демеген, ағам екен демеген, өзім білемге салыпты. Ал осынысы дұрыс па? Менен сұраған да жоқ. Мен рұқсат бермейтін де едім. Сөзін өзгертпей айтса, онда ойланатын едім. Ол менің сөзімді жоқ қылған ғой. Ән өлеңіме бола туды, соған арнайы жазылды! Бірінші өлең туды, соған менің тапсырысыммен ән жазылды. Сонда бұл әннің авторы кім?» – деп жазған ол. 

Ақын әншіні сотқа беру керегін жасырмады.

«Сотқа берсем ше? Менің әнімді рұқсатымсыз алғаны аздай, онымен өзіне жалған абырой жинап жүр. Мұғалжар жылқысы жайлы әндетіп, біреулерден ақша алып, мейманасы тасып тұрған болар. Осылай менің Қазақтың жылқыларына, яки ұлтымыздың, халқымыздың асыл жануарына арнаған әнімді тапап өтпекші, жоқ қылмақшы! Сіздермен ақылдасайын деп шештім. Төреғалиды сотқа берейін бе, жоқ па? Оныкі адамдыққа жата ма? Біраздан бері айтылып, тіпті бейнебаян да түсірілген әнді бұлай иемденіп алуына жол беріп қойып отыра берейін бе? Өзім соттасуды жаратпаймын. Бұл бірінші рет! «Құдайға телефон соққан бала» әңгімемді біреулер ұрлап, фильм түсіріп тастады. Оларды аяп, сотқа бермедім. Ал енді әніме шабуыл жасап отыр. Ашық күнде. Еш ұялмай, қысылмай. Бұл Төреғали атақты болсам, әумесер болсам, маған бәрі жарасады деп ойлай ма екен? Төреғали біздің «Қазақтың жылқылары» әнінен «Мұғалжар жылқылары» деген, бір аумақтың, шаруа қожалықтың әнін шығарып алған. Сізге жалпы Қазағымның жылқылары қымбат па, әлде бір ғана Мұғалжар тұқымы ма? Адамның сотына бермей, Алланың сотына тапсырайын ба? Екіншісі өте ауыр. Ол қияметке кетеді. Менен кешірім сұрап, доғара қойса, мен кешірер едім. Олай істейтін арлы азаматты, ұятты адамды әзірге көрмедім. Мен әлі аяп отырмын. Түсінер, кешірім сұрар деп. «Ұлы даланың баласымын» деп кеудесін көтеруші еді, қайда сонысы? Ұлы даланың жылқыларына арнаған әнді жоқ қылып, оның орнына бір ғана тұқымды мақтаған, ақша үшін жазылған дүниесін күйттегені ұлтты қорлағандай болды!» – деп сынап тастаған ақын.

Сондай-ақ, Мұнайдар Балмолда бұл ән 2019 жылғы ақпанда жарық көріп, «Бөріде не арман бар» кітабына енгенін айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: