Жексенбі, 28 сәуiр, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Тезірек бұл тақырып жабылып, ұмытылса екен -Аша Матай

08.03.2024

795 0

Сурет: stan.kz

Актриса, тележүргізуші Аша Матай НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасында әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың оқиғасына қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz .

«Естідім, оқыдым. Instagram-да шыққаннан кейін қарадым, көрдім, тіпті күйеуіммен талқыладық. Бұл баланы мен жақсы танимын, жақын танимын деп айта алмаймын, дегенмен бірнеше рет Нұрлан (Еспанов – ред.) ағаның қасында көрдім, ондай бір жаман қылықтарын байқаған емеспін, көрген емеспін. Нұрлан ағаның өзін де танимыз ғой енді, ол кісі де өте керемет жан, отбасын да, жұбайын танимыз деген сияқты. Сондықтан да білмеймін енді, бәлкім, ол подстава болуы мүмкін. Әртүрлі жағдайлар болады ғой негізі, бәлкім, ол қыздың жасаған қылығы болуы мүмкін, білмейміз ғой енді. Егер де қыз өз-өзін жақсы ұстаса, ол қызға ондай әңгіме жазылмас еді», – деді ол.

Аша Матай бұл тақырып тезірек жабылғанын қалайтынын, өйткені мұның отбасы үшін қиын жағдай екенін айтты.

«Ертең бізге, балаларымызға не болатынын білмейміз. Сондықтан да отбасы үшін, әрине, қиын жағдай. Бұндай жағдай болмаса екен деп ойлаймын. Тезірек бұл тақырып жабылып, ұмытылса екен деймін, себебі әр отбасы үшін хейт – қиын жағдай», – деді Аша Матай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: