Бейсенбі, 02 мамыр, 10:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ұлт қайраткерінің мерейтойлық жыр-кеші өтеді

07.11.2023

363 0

Сыр елінде Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы аясында Қазақ ұлттық өнер академиясының «Темірқазық» атты мерейтойлық концерті өтеді.

Өнер мерекесі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, қоғам қайраткері, “Темірбек Қараұлы Жүргенов” қоғамдық қорының төрағасы Сәби Аңсат және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы Шыңғыс Ергөбек баяндады.

Мерейтойлық концертке Академияның 68 өнерпазы қатысатын болады.

Еске сала кетейік, аймақта ұлт қайраткерінің 125 жылдық мерейтойы аясында «Жыр арқауы – Жүргенов» атты республикалық жыр мүшәйрасы, «Ұлт руханияты және Т. Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және қайраткердің туған жері Темірбек Жүргенов ауылында «Тәуелсіздік жалаугері – Жүргенов» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өткізіліп, Т.Жүргенов атында саябақ ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ақмола облысындағы «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінде «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, облыстың мәдениет ұйымдарында танымдық шаралар, ашық есік күндері, көрмелер және Жалағаш ауданында «Арда туған алаштың» атты облыстық жас ақындар айтысы, «Асыл өнердің алып нары» атты облыстық жыр фестивалі ұйымдастырылды. Биыл Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклін 15 рет сахналады.

8 қараша күні сағат 15.00-де Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтетін Қазақ ұлттық өнер академиясының «Темірқазық» атты мерейтойлық концертіне шақырамыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: