Жексенбі, 05 мамыр, 02:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығына байланысты әлеуметтік желіден кетті

25.01.2024

476 0

Сурет: stan.kz

Танымал актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіден кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі парақшасын қайын інісіне тапсырған. 

“Ал сіздермен қоштасатын уақыт жетті. Сені сағынсаңыздар, теледидардан үзбей қарап отырсаңыздар болады. Парақшаны қайын ініме тапсырдым. Мені қуанышыңызда көргіңіз келсе, қайын ініме хабарласыңыздар. Айына екі-ақ қуанышты бөлісуге дайынмын. Бәріңізді жақсы көремін. Мен де өздеріңізді сағынатын боламын», – деп жазды актриса. 

Бір күн өтпей жатып, актриса парақшасына ауруханадан сурет жүктеп, денсаулығының сыр бергенін айтты. 

“Денсаулығыма байланысты уақытша деп ойлаймын. Парақшаға қайта оралармын. Маған сіздердің бата, қолдауыңыз керек. Тілеулес болыңыздаршы! Жағдайымды парақшамнан біліп тұрсаңыздар болады “, – деп жазды өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: