Құтқарушылар Майқайыңдағы шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегіне жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«4 қаңтардан бері «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен аумағында опырылған жерде іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгін жұмыс барысында құтқарушылар автобус дөңгелегіне жете алды. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың табылған ең үлкен бөлігі», – деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Құтқарушылар мінген автобусты іздеу жалғасуда. Шұңқыр түбінде шағын габаритті экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істейді. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!