Құрылтай

Сенбі, 01 тамыз, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№57 (2269)
01.08.2026
PDF мұрағаты

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

01.08.2026

19 0

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және қоғам белсенділері мен блогерлер бірлесіп, балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, қауіптің алдын алу мақсатында тұрғын үйлердің терезелеріне арнайы қорғаныс бекіткіштері орнатылды.

Талдаулар көрсеткендей, балалардың терезеден құлауы тұрмыстық жағдайда жиі кездесетін жарақаттану себептерінің бірі болып қалып отыр. Әсіресе жаз мезгілінде терезелердің жиі ашық болуы қайғылы оқиғалардың туындау қаупін арттырады. Ең жоғары қауіп тобына 2–5 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл жастағы балалар ашық терезенің және маса торының қауіпсіз еместігін толық бағалай алмайды.

Жыл басынан бері еліміз бойынша балалардың терезеден құлауының 169 дерегі тіркеліп, оның 14-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұндай оқиғалардың негізгі себептері – балаларды қараусыз қалдыру, терезелерге еркін қолжетімділік және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.

Профилактикалық іс-шара барысында ата-аналарға балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау, жиһаздарды терезе маңына орналастырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және маса торына сүйенудің қауіпті екені түсіндірілді.

Қызылорда облысы Полиция департаменті мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: