Бейсенбі, 08 желтоқсан, 12:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Белкөл кентіндегі кездесу қалай өтті?

24.11.2022

68 0

Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес енді жергілікті билік өкілдері тұрғындармен кездесуді жиі өткізуге тиіс. Президенттің бұл бастамасы халық пен билік арасында жақындатуға өзіндік оң септігін тигізіп келеді. Есеп-қисаптан арылып, сөзден гөрі іспен дәлелдейтін бұл форматтағы кездесуде халық тек керегін сұрап, жауаптыларын нақты шешімін айтады. Дәл осындай кездесулерде халықтың мәселесі шешіліп жүргенін біз бірнеше рет көрдік. Енді міне, Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов 2022 жылдың IV тоқсанындағы қала халқымен кезекті кездесуін бастап кетті. 23 қарашада басталған кездесу Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қызылжарма ауылдық округінен бастау алды. 

​Шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы ең алдымен Белкөл кентіне барып, тұрғындармен тілдесті. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсу қарқыны жоғары деңгейге көтерілген кенттің тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді қала әкіміне еркін жеткізді.

Жалпы мұндағы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі түзу, қоғамдық-саяси ахуалы тұрақталған. Тұрғындар біраздан бері көтерген елді мекенді бөліп тұрған темір жолдың үстінен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Ауыз су мен электр энергиясын жеткізуде де ешқандай мәселе жоқ. Алайда, тұрғындар осы кездесуде әкімнен тағы да бір күрмеулі мәселе − жаяу жүргіншілер жолын салып беруді сұраған болатын. Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы өтініштің орындалатындығын, 2023 жыл бастала салысымен әлеуметтік нысандарға баратын көшелердің қос қапталына ұзындығы 1,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолының салынатындығын жеткізді.

А.БІРКЕНОВ

Тағы да оқыңыз: