Сенбі, 20 сәуiр, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Көліктерге электронды төлем жүйесі орнатылмақ

06.11.2021

735 0

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз конференциясында қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов тоқталып өтті.

Атап өтсек, 2021 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 2 магистральды жол құрылысы және ұзындығы 40,7 шақырым болатын 63 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары толықтай аяқталды. Асфальт төсеу жұмыстары қала аумағындағы 20 көшеде жүргізілуде.  

Сондай-ақ, 79 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге және С. Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды көше құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылған. 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыру үшін жоба-сметалық құжаттарын жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы көппәтерлі тұрғын үй аулаларында 25 ойын алаңдары пайдалануға беріліп, 28 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Қалалық бюджеттен бөлінген қосымша қаржыға  5 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Бұдан бөлек, тұрғындардың сұранысына  сәйкес қоғамдық көліктердің жол сызбасын оңтайландыру жұмыстары кезінде әзірленген жол сызбаларға сәйкес қалаішілік және қала аумағына қатынайтын маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізуге қажетті құжаттар әзірленуде.

– Өздеріңізге белгілі,  «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің тенгеріміндегі 135 дана автобустың 112 дана автобусына электрондық төлем жүйесі орнатылған. Ендігі ретте, қала аумағы мен қалаға қарасты елді мекендер тұрғындарын тасымалдау қызметімен айналысатын жеңімпаз серіктестіктердің көліктеріне де электронды төлем жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін серіктестіктер «QazSmartTrans» ЖШС-мен келісім шартқа отырды. Сонымен қатар, орталықтандырылған диспетчерлік қызметін ашып, (ЦДС) бір жерден басқару жұмыстарын жүргізу жоспарда бар, – деді бөлім басшысы.

Брифинг барысында қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша 4 ЖШС және 13 ПИК  және «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК тарапынан  арнайы техникамен жасақталған 5 авариялық бригада және 8 учаскелік бригада тиісті жұмыс  атқарып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК қарасты қазандықтарда сыртқы ауа температурасына сай бекітілген температуралық кестеге сәйкес желілік судың орташа температурасы – 67/500 С құрап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: