Сенбі, 24 ақпан, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда

05.09.2021

609 0

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменовтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте БАҚ өкілдеріне қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде өрттердің және көмірқышқыл газымен улану оқиғаларының алдын алу жайында ақпарат берілді.

2021 жылдың осы уақытына дейін Қызылорда қаласы бойынша 118 өрт оқиғасы тіркелген. Орын алған оқиғалардың басым көпшілігі тұрғын үйде (77 өрт) қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамауынан туындап отыр. Өрттің туындауына жол бермеу мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілуде. Шара барысында бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған осал топтан тұратын 3964 тұрғын үйлер қамтылатын болады. Қала тұрғындарын жылу беру маусымында сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз,- деді Жасұлан Түйменов.

Қазіргі таңда тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу мақсатында «Көмірқышқыл газынан сақтанайық», «Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі», «Тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі», «Отпен ойнама, балақай!» атты тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, табиғи газбен қамтылмаған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын 11 дана құрылғы орнатылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: