Жұма, 19 сәуiр, 07:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі ауылдықтармен кездесті

04.02.2021

7089 0

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев есептік кездесуінің алдында  Қызылөзек және Талсуат  ауылдық округтеріне барып, ауыл халқымен тілдесті.

Шаһар басшысы алдымен қызылөзектік қауыммен жүздесіп,  елді-мекеннің  ахуалын  ауылдықтардан сұрап, пікірлерін тыңдады.

Тұрғындардың айтуынша ауылда өткен жылы атқарылған жұмыс аз емес. Әйтседе жол жөндеу жұмыстары әлі де қарқын қосуды қажет етеді екен. Қала әкімі бұл мәселенің назардан тыс қалмағандығын және осы жылы жол жөндеу жұмыстары жалғасатындығын айтты.

Ал соңғы жылдары тұрмысы түзеліп, тірлігі түлеген талсуаттықтар болса  қала басшысына өз алғыстарын білдіріп,               ауылдың тұралап қалған шаруасы жанданып, кезегін күткен мәселелер   кезең-кезеңімен шешіліп жатқандығын жеткізді.

          Өз кезегінде елдің қолдауы көп істің сәтті жүзеге асып, көшіміздің алға озуына себепші болады деген шаһар басшысы қос ауылда да биылғы жылы атқарылар жұмыстың көптігін, оған да елдің батасы, сенімі керектігін атап өтті.

Жиын соңында қала әкімі ел еңсесін тіктеуге ерекше үлес қосып, қаламыздың іргесін нығайтып, дамытуға бағытталған толымды тірліктеріне тілекші болған ардагерлерге алғыс білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар  ел ертеңі үшін еңбек етіп жүрген  белсенді азаматтарды да марапаттады.

Айта кетейік, шаһар басшысы бұған дейін қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, Қоғамдық кеңес төрағасы                    Серік Дүйсенбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы                        Сайлаубай Әбішовпен бірге басқа да ауылдық округтер мен кенттерді аралап, тұрғындармен жүзбе-жүз жолығып, сауалдарын, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: