Сенбі, 23 қазан, 10:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83 (1785)
19.10.2021
PDF мұрағаты

Қала әкімі Қызылөзек ауылдық округіне барды

29.06.2021

1342 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қызылөзек ауылдық округіне барып, елді-мекеннің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Алдымен қала басшысы «Сауранбай» каналындағы СНП-500/10 насостық қондырғысының жұмысын көрді. Насос Қызылөзек ауылдық округінде аяқ су тапшылығы орын алуына байланысты, Айнакөл ауылы тұрғындарының өтінішіне сәйкес қала әкімінің тікелей қолдауымен орнатылған. Бүгінде бұл қондырғы арқылы 30 отбасы  17 гектар картоп егістігін суарып отыр.

Екінші ретте қала әкімі елді мекеннің оңтүстік батысындағы инвестор тартуға пайдаланылатын аумаққа барды. Сауранбай және Райхан каналдарының аралығындағы бос жер учаскелері жанынан 10 кВ электр желісі өтеді. Аталған аумаққа баратын қатты қабатты автомобиль жолы да салынған. Бұл ретте  Ғанибек Қазантаев жауаптыларға бос жерді тек инвесторларға ғана емес,  игеремін деген ауыл азаматтарына да беру керек екендігін баса айтты.

Биыл қызылөзектік шаруалар 507 гектар жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын, 60 гектарға жоңышқа еккен. Аяқ су тапшылығына байланысты егістіктің басым бөлігін диқандар канал бойына орналастырған. Округке қарасты Айнакөл ауылындағы картоп егістігіне аялдаған қала әкімі шаруалармен тілдесіп, диқандардан егіс жайын сұрады.

Өз кезегінде ардагер ана Тұрсынкүл Ибраева «Сырдың суы тартылып, аяқ судың жайы алаңдатқанда шаруалардың мәселесін тыңдап, насостық қондырғының орнатылуына ықпал жасаған қала басшысына рақметімізді айтамыз», – деп ауыл тұрғындарының алғысын жеткізді.

Одан әрі Ғанибек Қонысбекұлы 2003 жылы пайдалануға берілген Айнакөл ауылындағы №175 мектеп ғимаратына барды. 100 орындық мектепте оқу үдерісі екі ауысымда жүргізіледі. Бүгінде білім ұясының ішінде орналасқан бу қазандығын ғимарат сыртына шығару мақсатында жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған.

Келесі кезекте қала басшысы Қараөзек ауылдық дәрігерлік амбулаториясынабарды. Бір ауысымда 30 адамды қабылдай алатын дәрігерлік амбулаторияда   9 медицина қызметкері, 1 жедел-жәрдем автокөлігі тұрғындарға қызмет көрсетеді.  Мұнда округтегі 3 елді мекен тұрғындарына қызмет көрсететін 1 дәріхана ашу қажеттілігі туындап отыр. Амбулатория жанында жұмыс жасап келген дәріхана өткен жылы пандемия әсерінен жабылып қалған. Бұл мәселеге қатысты    Ғанибек Қонысбекұлы ауыл әкіміне амбулатория жанында бос тұрған ғимаратты әкімшілік балансына өткізіп, ол жерден дәріханамен қатар басқа да кәсіпкерлік нысандар ашу бағытында жұмыстар жүргізуді тапсырып, елді-мекеннің басқа да өзекті мәселелері өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Сонымен қатар ауылдарда вакцина алу жұмыстарын жандандыру керек екендігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: