Сәрсенбі, 27 қараша, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі жылу маусымына дайындық 15 қыркүйекке дейін аяқталу керектігін ескертті

02.09.2021

853 0

Бұл туралы бүгін шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев қала әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте айтты. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелер талқыланбас бұрын қала әкімі жаңадан тағайындалған қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Омаров Бекмұрат Тәліпұлын және қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Далабаев Біржан Далабайұлын таныстырып, жаңа қызметтеріне табыс тіледі.

Одан әрі қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібіне енген мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша қала әкімі аппаратының басшысы Жанмұрат Сейілов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы толығырақ тарқатты.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен 59 мемлекеттік қызмет түрі бойынша өтініштер қабылданып, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің 28 түрі азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, 51 түрі электрондық үкімет веб-порталы, ал 31 қызмет түрі тікелей мемлекеттік мекемелердің кеңселері арқылы қолжетімді болған. Аталған мемлекеттік қызмет түрлері бойынша есептік кезеңде қызмет алушыларға жалпы 52 мың 854 қызмет көрсетіліп, өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің саны 4% артқан.

Электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі бірқатар салалардағы көрсеткіштердің төмендігін сынға алған Ғанибек Қонысбекұлы жыл аяғына дейін баламалы түрде жүзеге асырылатын қызметтер бойынша келіп түскен өтініштердің кемінде 70 пайызы электрондық үкімет порталы арқылы қабылдануын қамтамасыз етіп, оның толық орындалуын жүзеге асыруды тапсырды.

Мәжілісте қаланың жылу маусымына дайындық барысы туралы айтқан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбекұлы қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердегі ақауларды ретке келтіру, өжіре ішіндегі жылу құбырлары мен қондырғыларға ревизия жасау жұмыстары жүргізіп отырғандығын айтты. Сондай-ақ, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерге зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында проблемалық 80 көп қабатты тұрғын үйлер анықталып, оның ішіндегі 33-нің өжіресі суға толса, қалған 47 көпқабатты тұрғын үйлерге пәтер ішілік жөндеу жұмыстары қажет ететіндігін көрсеткен. Өжіресі суға толған 33 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі күнге 24-не насос қондырғысы арқылы

су деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп, толықтай қалыпқа келтірілген. Ал, қалған көпқабатты тұрғын үйдің өжіресіндегі су тарту жұмыстары жуық арада толықтай аяқталатынын және пәтер ішілік ақаулары анықталған үйлер бойынша басқару органдары тарапынан тұрғындармен бірлесе отырып жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Биылғы жылу беру маусымының тұрақты және қалыпты өтуі бойынша барлық әлеуметтік нысандарды резервтік автономды электр қондырғыларымен қамтамасыз ету керек деген қала әкімі қала аумағындағы иесіз көпқабатты тұрғын үйлердің жылу маусымына дайындығын қатаң бақылауға алып, әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы бойынша тиісті жұмыстарды 15 қыркүйекке дейін толық дайын болуын сала басшыларына ескертіп, тікелей өзінің қатаң бақылауында болатындығын айтты.

Ал, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін қалалық үш жақты комиссия тұрақты түрде жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Бөлім басшысының баяндамасын тыңдаған қала әкімі меморандумға қол қойылған мекемелердегі жұмысшылардың жай-күйі, олардың құқықтарының қорғалуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді, қала аумағындағы мекемелерден қысқарған қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенділігін арттырып, тұрақты жұмысқа орналасуы бойынша қажетті шараларды қабылдап, жалақыдан қарызы қалыптасқан мекемелер бойынша құзырлы мекемелермен бірлесіп, мәселені оңтайлы шешу бағытында жұмыстар жүргізуді және қатаң бақылауға алу керектігін нықтап тапсырды.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: