Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Өзбекстанның үстел теннисінен Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы ірі турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды KAZINFORM
13 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы қарсылас шақ келтірмеді. ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс барысында Бекмұхамбетова алты кездесу өткізіп, әрқайсысында жеңіске жеткен.
Финалда теннисшіміз Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 (11:7, 11:3, 11:7) есебімен жеңді.
Бекмұхамбетова әлемдік рейтингіде жетінші орында тұр.
Айта кетейік, астаналық гимнастшылар ел чемпионатында үздік атанды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
