Сәрсенбі, 24 сәуiр, 07:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің жеңіс күнімен құттықтауы !

09.05.2021

5522 0

Құрметті майдангерлер, тыл ардагерлері! Қадірлі жерлестер

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Соғыс үнінің басылып, бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымызға биыл – 76 жыл. Келер ұрпақтың азаттығын ойлап, азаматтық арды ту етіп, Отанды қорғаған, майдан даласында отқа түсіп, кеудесін оққа тосқан бабаларымыздың батырлығы жадымыздан мәңгі өшпейді. Қайсарлық пен батылдықтың, жанқиярлық ерліктің дастанындай санамызда сақталады.
Бүгін көз алдымызда қатары сиреген ардагер¬леріміз – сұрапыл соғыс жылдарында бас аман¬дығын емес ел бостандығын ойлап,майданға түскен батырлар. Бүгінгі бейбіт күнге жетуіміз осы батырлардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігінің, қажымас қайраты мен ерік-жігерінің жемісі.
Майдангерлеріміздің жеңіс жолындағы жан¬қиярлық батырлығы жастарды ерлік пен пат¬риотизм рухына тәрбиелеудің өзгермес өнегесі, отан сүйгіштікке баулудың негізгі бастауы.
Ардақты ардагерлер!
Сіздердің майдан даласындағы ерліктеріңіз бен тылдағы еңбектеріңіз жадымызда жаңғырып, қатпарлы тарихымыздың ұмытылмас парағы болып қалады. Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын бұл ерліктің қадір-қасиеті мен бағасы артып, шоқтығы биіктей бермек. Жеңіс жалауы желбіреген күнде Сіздерге алғыс айтып, шексіз құрметпен бас иеміз.
Арамызда аман-есен жүріңіздер, ардагерлер!
Қадірлі қызылордалықтар!
Баршаңызды ұрпаққа ұран болған жеңіс күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақ-береке, әулеттеріңізге аман¬дық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!


Құрметпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: