Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қаладағы түрлі бағыттағы мәселелерді назарға алып, шешілу жолдарын қарастыру мақсатында әр нысанды күнделікті аралауда. Желіге жарияланбай, БАҚ арқылы шығарылмай жатқан жұмыстары да біршама.
Нәтижелі һәм тыңдырымды тірліктері көпшілікке мәлім екені де айқын. Күнделікті яғни жоспарлы түрде атқарылуы тиіс жұмыстарының бірі – қала әкімінің өткен аптадағы Титов қыстағындағы шағын кәріз сорғы станциясына баруы. Мұнда кәріз суларды автокөліктерден қабылдау үшін «Қызылорда су жүйесі» мекемесі Титов қыстағы Қашаубаев көшесінің бойынан шағын кәріз насос станциясын салып, екі насос қондырғысын орнатқан болатын. Айналасы ашық жатқанын көрген шаһар басшысы жан-жағын қоршап, тұрғындарға зиян келтірмеу үшін тиісті жұмыстардың жасалуын сала басшыларына тапсырды.
Сондай-ақ, келешекте кәріз су қабылдау пунктісін заманауи үлгіде салу мақсатында жобалар қарастырылып жатқанынын да жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!