Дүйсенбі, 27 сәуiр, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2242)
25.04.2026
PDF мұрағаты

Сақтандыру мен бағалы қағаздар нарығын реттейтін жаңа заңдар әзірленеді — Ұлттық банк

27.04.2026

64 0

Фото: Ұлттық банк

Сақтандыру мен бағалы қағаздар нарығын реттейтін жаңа заңдар әзірленеді. Бұл туралы Ұлттық банктен мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM 

— Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында уәкілетті орган Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, биыл 1 қыркүйекке дейін сақтандырудың және қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл бағдарламалар сақтандыру секторы мен бағалы қағаздар нарығының ел экономикасына қосатын үлесін еселеуге бағытталады. Қазір осы құжаттардың негізгі концептуалдық бағыттары пысықталып жатыр, — деді орталық банк агенттіктің ресми сауалына орай.

Ұлттық банк алдағы уақытта халықаралық озық тәжірибе мен қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып сақтандыру мен бағалы қағаздар нарығын реттейтін жаңа заңдар әзірленетінін атап өтеді.

— Бұл — бағдарламаларды тиімді іске асырудың алғышарты. Осы бастаманың барлығын қаржы нарығына қатысушылармен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп іске асырамыз, — деді қаржы реттеушісі.

Осы жылдың ақпанында өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке 1 қыркүйекке дейін сақтандыру және қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: