Жексенбі, 05 мамыр, 03:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында 3 медициналық нысан салынбақ

06.04.2023

895 0

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында көпсалалы аурухана мен Қан орталығының құрылысы жалғасуда. Мұнан бөлек, Шиелі ауданының Досбол би ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында хабарлады.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде аймақтарда медициналық нысандар құрылысын салуды жалғастыру көзделген. Оның ішінде Қызылорда және Павлодар облыстарында көпсалалы аурухана, Қызылорда қаласында Қан орталығының құрылысын жалғастыру жоспарлануда», – деді ведомство басшысы.

Аталған жоба аясында Қызылорда облысында алдағы 3 жылда 27 денсаулық сақтау нысаны салынбақ. Атап айтқанда, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет құрылысының тізімі Үкімет қаулысына енгізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: